сауалнама қортындысы » №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
май
2026

сауалнама қортындысы

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының  білім бөлімінің  №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы  МКҚК
Сауалнама қорытындысы
№35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы 2026 жылдын 25-29 мамыр аралығында  мектепалды топ ата-аналарынан  «Ұсынылатын білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнамаға 58 мектепалды тобының ата-аналары қатыста. 
Сауалнамада тәрбиелеу және оқыту үдерісі, педагогтердің кәсіби қызметі, балалардың қауіпсіздігі мен дамуына жасалған жағдайлар, тамақтану сапасы, ата-аналармен кері байланыс және консультациялық көмек көрсету мәселелері қамтылды.
Сауалнама нәтижелері бойынша ата-аналардың 86%-ы мектепке дейінгі ұйымның қызметіне қанағаттанатынын көрсетті. Ата-аналардың басым бөлігі балаларының балабақшаға қуана келетінін, топтарда қолайлы психологиялық ахуал қалыптасқанын, тәрбиешілер мен мамандардың жұмысына оң баға беретінін атап өтті. Сонымен қатар, білім беру және тәрбие жұмыстарының балаларды мектепке даярлауға ықпал ететіні, балалардың дамуында оң өзгерістер байқалатыны анықталды.
Ата-аналар тарапынан балабақша ұжымының ұйымдастырушылық жұмысы, балалардың жетістіктері туралы ақпараттандыру деңгейі және консультациялық қолдау көрсету сапасы да жоғары бағаланды.
Жүргізілген сауалнама қорытындысы мектепке дейінгі ұйым қызметінің тиімділігін және білім беру қызметтерінің сапасының ата-аналардың көпшілігінің сұранысына сәйкес келетінін көрсетті. Алдағы уақытта ата-аналардың ұсыныстары мен пікірлері ескеріліп, білім беру қызметтерінің сапасын одан әрі жетілдіру жұмыстары жалғастырылады.
Қорытынды: Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 86%-ы мектепке дейінгі ұйымның ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттанатындарын білдірді.
Педагог-психолог                                                                 М.Исағалиқызы 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив