Әдістемелік кеңес №1 Тақырыбы: «Балабақшаның жылдық жұмыс жоспарын талқылау, өзгерістер енгізу, толықтыру Жүргізілу түрі: Дөңгелек үстел » №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әдістемелік кеңес №1 Тақырыбы: «Балабақшаның жылдық жұмыс жоспарын талқылау, өзгерістер енгізу, толықтыру Жүргізілу түрі: Дөңгелек үстел
05
сентябрь
2023

Әдістемелік кеңес №1 Тақырыбы: «Балабақшаның жылдық жұмыс жоспарын талқылау, өзгерістер енгізу, толықтыру Жүргізілу түрі: Дөңгелек үстел

Әдістемелік кеңес отырысы

Хаттама №1


Уақыты: 05.09.2023 жыл

Тақырыбы: «Балабақшаның жылдық жұмыс жоспарын талқылау, өзгерістер енгізу, толықтыру»

Жүргізілу түрі: Дөңгелек үстел 

Әдістемелік кеңес төрайымы:                                   Ж.Тымбаева 

Хатшы:                                                                             

Қатысқаны: 24

Қатыспағаны: 2

Күн тәртібінде:

Қаралатын мәселелер

Өткізу формасы

Уақыты

Жауаптылар

05.09.2023жыл 

Тақырыбы: «Балабақшаның жылдық жұмыс жоспарын талқылау, өзгерістер енгізу, толықтыру»

Жүргізілу түрі: Дөңгелек үстел

1.

Педагогикалық үдерісті жаңа оқу жылына дайындау, педагогтардың құжаттарды талапқа сай толтырулары, жаңа оқу жылына дайындық:

- перспективалық жоспар, циклограмма, мониторинг;

- өзіндік білім көтеру тақырыптары мен жоспарын талқылау;

- портфолио жинақтау;

- жеке бағдарламалар, шығармашылық жобалар дайындау.

Әдіскер Ж.Тымбаева 









2.

Заттық кеңістік дамытушы ортаның мазмұны

Өтегенова Жазира тәрбиеші 

3.

Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеру бойынша бастапқы мониторинг

Мамедова Назира тәрбиеші

4.

«Қонжық» және «Сылдырмақ» кіші топтарының балаларының балабақшаға бейімделуі.

Кадирбекова Айдана педагог-психолог 

5.

Ағымдағы мәселелер.

Әдіскер









Тыңдалды: Педагогикалық үдерісті жаңа оқу жылына дайындау, педагогтардың құжаттарды талапқа сай толтырулары, жаңа оқу жылына дайындық:

- перспективалық жоспар, циклограмма, мониторинг;

- өзіндік білім көтеру тақырыптары мен жоспарын талқылау;

- портфолио жинақтау;

- жеке бағдарламалар, шығармашылық жобалар дайындау.

Сөйледі: әдіскер Ж.Тымбаева 2023-2024 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен танысу және өзгерістерді қарастыру бойынша биылғы оқу жылында тәрбиешілердің, педагогтардың құжаттарды талапқа сай толтырулары, жаңа оқу жылына дайындығы. 

Міндеттер: 

▪ Тікелей әкімшіліктен мотивация жүйесін қалыптастыруға, педагогтердің шығармашылық бастамасын дамытуға көшуді қамтамасыз ету 

▪ Баланың дамуына әсер ететін қоршаған ортаның нақты көрсеткіштері 

негізінде білім беру қызметтерін көрсету сапасын басқару тетігін әзірлеу 

▪ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің кәсіби деңгейін 

арттыру 

▪ Сапалы білім беру қызметтерін ұсынуда мектепке дейінгі ұйымдардың 

әлеуетін арттыру 

▪ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында көшбасшы басқарушылар корпусын құру 

▪ Білім беру сапасының көрсеткіштері төмен мектепке дейінгі ұйымдардағы жағдайды жақсарту 

Заманауи әлемдік үрдістер педагогтердің әр баланың толыққанды дамуы 

үшін жағдай жасауға баса назар аударатынын көрсетеді, яғни баланы дамыту, 

тәрбиелеу мен оқыту процестеріне жеке тәсілді қалыптастыруға бағытталған 

бағдарламаларға басымдық беру қажет. Мектепке дейінгі ұйымдарға даму бағытын дербес анықтау мүмкіндігі берілетін болады, оның негізінде балама дамыту бағдарламалары әзірленеді және педагогикалық кеңесте бекітіледі. 

Жаңа стандартқа сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар вариативтік жеке 

бейімделген бағдарламаларды, оқытудың әртүрлі әдістемелері мен 

  технологияларын, білім беру процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін, тәсілдерін пайдаланады; баланың даралығы мен субъективтілігін, өмірлік қажетті физикалық, әлеуметтік, эмоционалдық, коммуникативтік, танымдық дағдыларды дамытуды қолдауға бағдарланған кедергісіз дамытушы ортаны, трансформацияланатын ойындар мен тақырыптық аймақтарды құрады. 

Сыртқы бақылауға дейін әрбір мектепке дейінгі ұйым өзін-өзі бағалауды жүзеге асырады. Өзін-өзі бағалау арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын 

қамтамасыз ету тетігі мектепке дейінгі ұйымдарға нақты проблемаларды, 

процесті ұйымдастырудағы қиындықтардың себептерін дербес анықтауға және келесі қадамдық әрекеттер арқылы кемшіліктерді жоюдың шараларын 

жоспарлауға мүмкіндік береді: 

1. Өзін-өзі бағалау 

2. Талдау

3. Шешім

4. Жоспар

5. Әрекет

6. Мониторинг

7. Даму

Тәрбиелеу-білім беру процесі: 

перспективалық жоспарға; 

циклограммаға 

Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгерту бойынша жүргізілетін мониторингке сәйкес жүзеге асады. 

Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныпта тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығының 1- қосымшасына «Мектепке дейінгі тәрбие мен 

оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттар тізбесіне» 

(2,3,6 қосымша) сәйкес педагог ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспарын әзірлейді, апта сайын циклограмма құрады

Перспективалық жоспарды Үлгілік оқу жоспары мен Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес тәрбиеші жас тобында жұмыс істейтін педагогтермен (қазақ тілінің мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен) бірлесіп, жасайды. Перспективалық жоспарда балалардың жасына сәйкес Үлгілік бағдарламада берілген міндеттер әрбір айға бөлініп алынады. Педагог міндеттерді балалардың игеруіне сәйкес бірнеше рет қайталап алуға, өзгертуге немесе түрлендіруге болады.      Циклограмманың ұйымдастырылған іс-әрекет бөлімінде мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес жүргізілетін денешынықтыру, қазақ тілі, сауат ашу негіздері және музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері толтырылады. Бұдан басқа ұйымдастырылған іс-әрекеттер түрлі балалар әрекеттері арқылы күні бойы күн тәртібіне сәйкес толтырылады және іске асырылады. 

Циклограмма әр аптаға құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап,түрлі балалар әрекеттерін, серуенді өткізуді, күндізгі ұйқыны ұйымдастыруды, яғни балалардың үйге қайтуына дейін күн тәртібінің орындалуын қамтамасыз етеді. 

Циклограмманың құрылымы мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібіне сәйкес құрылады. 

Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар: 

- аптаның әрбір күніне Перспективалық жоспардағы ұйымдастырылған іс- 

әрекеттердің міндеттеріне сәйкес балалармен өткізілетін әрекет түрлерін 

анықтау; 

- әрбір әрекет түрлерін өткізуде бағдарлама мазмұнын жүйелілік пен 

сабақтастық қағидасын сақтай отырып беру; 

- балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды, 

әдістер мен тәсілдерді қолдану; 

- балалар әрекетін ұйымдастыру үшін жайлы дамытушы заттық- 

кеңістіктік орта құру. 

Ұйымдастырылған іс-әрекет – Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, 

соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, 

балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, 

патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік 

нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша 

міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар 

әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) 

арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген сабағы. 

Мектепке дейінгі ұйымның топтарында ұйымдастырылған іс-әрекеттерді 

барлық топпен бірге немесе шағын топтармен қызығушылық орталықтарында 

ұйымдастыруға болады. Ұйымдастырылған іс-әрекеттерде педагог түсіндіруге 

уақытты көп бөлмей оның орнына көрсетуге, балалардың әрекеттерді 

орындауына, ойнауына, өз пікірін білдіруіне, зерттеуіне, құрастыруына, сурет 

салуына, шешім шығаруына және басқаларға мән беруі қажет. 

Педагог әрекетінің алгоритмі: 

- балаларға айтып беру; 

- балаларға көрсету; 

- балалармен бірге орындау

Ортаңғы топтан бастап мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы 

режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік 

минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі 

байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, 

салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік 

нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілі (штаттық кестеге сәйкес қазақ тілі 

маманы болған жағдайда), дене шынықтыру және музыка ұйымдастырылған іс- 

әрекеттері кесте бойынша өткізіледі. «Сөйлеуді дамыту», «Көркем әдебиет», 

«Қоршаған ортамен таныстыру», «Математика негіздері», «Сенсорика», «Сурет 

салу», «Мүсіндеу», «Жапсыру», «Құрастыру» ұйымдастырылған іс-әрекеттері 

әр баланың қызығушылықтары, ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескеріле 

отырып, күні бойы кіріктірілген түрде немесе жеке балалардың түрлі әрекеттері 

арқылы ойын түрінде ұйымдастырылады

Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған іс-әрекет тек топ 

бөлмесінде ғана емес сондай-ақ жатын, қабылдау бөлмелерінде, арнайы 

кабинеттер болған жағдайда кабинеттерде, дәліздерде, ойын алаңдарында, 

серуен кезінде және т.б. балаларға ыңғайлы жағдайларда өткізу ұсынылады  

Мектепалды топта, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды 

сыныпта ұйымдастырылған іс-әрекеттің саны аптасына - 20 сағатты, мектепалды 

жастағы балалардың құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша бір 

ұйымдастырылған іс-әрекеттің ұзақтығы 20-25 минутты құрайды. Мектепке 

дейінгі ұйымдардағы мектепалды топтарда балалардың қызығушылықтары 

ескеріліп, ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу күні бойы кіріктірілген түрде 

немесе жеке жоспарланады.Мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныптарда балалардың қызығушылықтары ескеріліп, ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу күннің бірінші немесе екінші жартысында білім беру ұйымының оқу-тәрбиелеу процесінің кестесіне сәйкес кіріктірілген түрде немесе жеке жоспарланады. 

Циклограмма тәрбиеленушілердің мектепалды даярлық сыныбында болу 

уақытына жасалады.Мектепалды сыныптарда таңертеңгі 

қабылдау, таңертеңгі жаттығу, балалар әрекетінің түрлері (ойын, 

шығармашылық, танымдық, эксперимент жасау, дербес және т. б.), серуендеу, 

жеке жұмыс, сондай-ақ Үлгілік оқу жоспарына сәйкес кесте бойынша 

Ортаңғы топтан бастап мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күнібойы 

режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік 

минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі 

байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, 

салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік 

нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады. Ұйымдастырылған іс-әрекет өткізіледі. Балаларды дамытуда баланың ынтасын, пікірін және тілегін ескере отырып, ойын түрінде, барлық балалармен бір уақытта ғана емес, сонымен қатар шағын топтармен өткізу, балалар әрекетінің бірнеше түрі қатар ұйымдастырылған жағдайда балаларға аталған әрекеттердің бір түрінен өзін 

қызықтыратын басқа екінші әрекетке ауысуға рұқсат ету, қызығып орындап 

отырған баланы басқа балалармен бірге еріксіз келесі әрекетке көшірмеу 

ұсынылады Түрлі жас топтары перспективалық жоспарында балалардың жасына 

сәйкес (егер 3, 4 немесе 5 жастағы балалар болса онда осы аталған жас балалары 

үшін) Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес міндеттер жеке-жеке көрсетіліп, 

ортақ бір перспективалық жоспар жасалады. Ал циклограмма жасау кезінде 

перспективалық жоспарда ұсынылған міндеттерді іске асыру үшін балалардың 

түрлі әрекеттері айқындалады. Балалардың түрлі әрекеттерін ойын түрінде 

ұйымдастыруда балаларға тапсырмалар жасына сәйкес беріледі. 

Циклограмманың «ұйымдастырылған іс-әрекет» бөлімін құрастыруда 

алдымен тақырыбы егер болған жағдайда, ал тақырып болмаған кезде ойын 

немесе әрекет түрлері жазылады. Содан кейін перспективалық жоспарда 

айқындалған міндеттерді іске асыру үшін әр күнге кіріктірілген 

ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері айқындалады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын ішкі қамтамасыз етудің 

мақсаттары: 

- баланың мектепке дейінгі ұйымда қауіпсіз болуы үшін жағдай жасау; 

- балалардың толыққанды дамуы. Мектепке дейінгі ұйым жылына 3 рет мониторинг (бастапқы, аралық, қорытынды) арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын іске асыру сапасына ішкі бағалау жүргізеді. 

Мониторинг келесі кезеңдерді қамтиды: мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын бақылау; жас ерекшеліктеріне сәйкес балалардың дағдылары мен біліктерінің қалыптасуын бағалау; педагогтің жұмыс жоспарына түзету шараларын енгізу. 

Баланың мектепке дейінгі ұйымда қауіпсіз болуы үшін жағдайлар нормативтік талаптарға, санитарлық ережелер мен өртке қарсы нормаларға, толыққанды дамуға, дамушы ортаның қолжетімділігін қамтамасыз етуге, білікті кадрлармен қамтамасыз етуге, бейнебақылау жүйесінің болуына сәйкес жүзеге асырылады, бұл сапаны бағалау критерийлерінде ескеріледі. Сонымен қатар, балалардың толыққанды дамуы қол жетімді дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны құрумен және педагогтердің тәрбиеленушілермен сапалы өзара әрекет етуін ұйымдастырумен қамтамасыз етіледі. Ата-аналардың білім беру қызметтерін көрсету сапасына қанағаттануын 

анықтау сауалнама жүргізу арқылы, ата-аналардың білім беру қызметтерінің 

сапасына қанағаттану индикаторының динамикасы бойынша жүзеге асырылады. 

Баланың мектепке дайындығы физикалық, психикалық, әлеуметтік 

және эмоционалды-зияткерлік даму деңгейлерімен анықталады , бұл оған 

мектептің білім беру бағдарламасын денсаулыққа зиян келтірместен табысты 

игеруге көмектеседі. Ата-аналар бұл процестің белсенді қатысушылары бола 

отырып, қолайлы білім беру ортасын құра алады және оқудың алғашқы маңызды 

кезеңінде балаға барынша қолдау көрсете алады.


Шешім: 

  1. Перспективалық жоспар, циклограмма, мониторинг 2023-2024 оқу жылындағы әдістемелік нұсқаулық хат талаптарына сай толтырылсын.
  2. Әр педагог өз білімін көтеру тақырыбы аясында жан-жақты жұмыстарды жүргізуді жандандырсын.

3. Аттестациядан өтетін педагогтар электронды портфолио жинақтасын.

4.  Педагогтар жеке бағдарламалар, шығармашылық жобалар дайындасын.


2.Тыңдалды:Заттық кеңістік дамытушы ортаның мазмұны 
 Сөйледі: Өтегенова Жазира - заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану. 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және мектептердің мектепалды 

сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін дамытушы 

заттық-кеңістіктік ортаны ұйымдастыру ұсынылады . 

Дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны - балалардың заттар мен 

ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және күні бойы немен айналысатынын өз 

бетінше таңдауын, өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, 

олардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар орта. 

Дамытушы заттық-кеңістіктік ортаға қойылатын жалпы талаптар: 

- қауіпсіз (заттардың қауіпсіздігі мен жиһаздардың орнықты орналасуы);21 

- мазмұнды (заттар мен ойыншықтар, кітаптар, материалдар, құралдардың 

балалардың жасына және Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес болуы); 

- бай болуы (барлық тәрбиеленушілердің ойын, шығармашылық, зерттеу, 

танымдық әрекеттері мен қимыл белсенділігін соның ішінде ірі және ұсақ 

моториканы дамытуға, қимылды ойындарды ұйымдастыруға, балаларға 

қолжетімді материалдармен соның ішінде құммен, сумен эксперимент жасауға 

жабдықтардың (топта, дәлізде, ойын алаңында да) болуы); 

- қолжетімді (барлық балалар соның ішінде ерекше білімді қажет ететін 

балалар үшін білім беру әрекеті жүзеге асырылатын барлық топ бөлмесі, 

кабинеттер, дәліздердегі ойындар, ойыншықтар, материалдар, құралдардың қол 

жетімділігі); 

- вариативті (ойын әрекеті, шығармашылық әрекетке, оңаша болуға және 

басқаларға аймақтардың болуы, сондай-ақ түрлі материалдардың, ойындар, 

ойыншықтардың және жабдықтардың болуы); 

- көп атқарымды (балалар жиһаздарын, жұмсақ модулдерді, 

театрландырылған қойылымдарға арналған шымылдық және басқаларды 

түрліше қолдану мүмкіндігі, топта балалардың түрлі әркеттерінде қолдануға 

болатын табиғи материалдардың, ойындарда қолданатын алмастырушы 

заттардың болуы); 

- өзгермелі (балалардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне және 

тәрбиелеу-білім беру процесінің мазмұнына сәйкес ортаны өзгерту мүмкіндігі). 

Дамытушы заттық-кеңістіктік орта; 

- Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етуі; 

- балалардың жастарына сәйкес болуы; 

- тәрбиеленушілер, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 

балалар үшін қол жетімді болуы; 

- эмоционалды қолайлық пен баланың жеке басын дамытуға жағдай 

жасауды (демалыс немесе балалардың оңаша ойнауына арналған орынды және 

т. б. жабдықтау) қамтамасыз етуі; 

- түрлі материалдарға бай, сондай-ақ ересек пен баланың бірге әрекет 

етуіне және баланың өздігінен әрекет етуіне ыңғайлы болуы тиіс.  

Заттық-кеңістіктік дамыту ортасын жақсарту үшін Үлгілік бағдарламаның 

нұсқаулығын пайдалану ұсынылады.        

Шешім: Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын талаптарды орындау.

3. Тыңдалды: Бастапқы мониторинг жүргізудің қорытындысы 

Сөйледі: Мамедова Назира, - Мектепке дейінгі білім беруде сапалы қызметті қамтамасыз етуде мектепке дейінгі жастағы балалардың біліктері мен дағдыларын дамытудың маңызы зор. Индикаторлар – білім беру салалары бойынша баланың жасына сәйкес күтілетін нәтижелерге жету көрсеткіштері. Күтілетін нәтижелер баланың әр жас топтарына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған. Баланың күтілетін нәтижелерге жетуі педагогтың баланың дамуын үнемі бақылауы яғни диагностика арқылы іске асырылады. Мониторинг баланың біліктері мен дағдыларының даму динамикасын оның түзетуді қажет ететін ерекшеліктерін ашуға, өзара әрекет ету тәсілдерін өзгертуге, педагог тарапынан қамқорлық пен көңіл бөлуді ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, жүйелі бақылау ретінде қарастырылады. Мониторинг баланың түрлі кезеңдегі біліктері мен дағдыларының даму динамикасын анықтауға, педагогтың алдағы іс-әрекетін жоспарлауға, мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуына қажетті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Мониторингтің субъектісі мектеп жасына дейінгі 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар. Мониторингтің объектісі балалардың жас ерекшілігіне сәйкес олардың физикалық, зияткерлік және жеке қасиеттері. 

Балалардың дамуына мониторинг жүргізуде педагог:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарын;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын;

Бақылау парақтары мен Баланың жеке даму картасын толтыру тәртіптерін білуі;

-         мектепке дейінгі педагогика мен психология негіздерін;

-         диагностика жүргізу әдістері: бақылау, ойын жағдаяттарын құру, ойын,

әңгімелесу, сұрақтар мен жауаптар, бейнелеу әрекеті нәтижелерін зерттеу;

-         мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын игеру деңгейін есептеу әдістерін;

-         ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеруі қажет.

Мониторинг мектепке дейінгі ұйымдардағы және мектепалды сыныптарындағы балаларға жүргізіледі. Мониторингтің критерийлері (өлшемшарттары) балалардың жасына сәйкес олардың физикалық дамуын, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін:

Шешім: Әр баланың жеке даму картасын педагогтермен бірлесе толтырсын


4.Тыңдалды: Кіші жастағы балалардың бейімделу деңгейі.

Сөйледі: Психолог   А.Кадирбекова  Жаңадан келген балалардың бейімделуіне жағдай жасау.  Көптеген балалар балабақшаға  2,  3 жастан бастап бара бастайды. Кейбіреулері үшін үй жағдайынан басқа ортаға ауысу қиындық тудырмай таныс адамдарымен, ойыншығымен оңай ажырап келесі бір ортаға тез үйренісіп жатса, ал кейбіреулері үшін үлкен күйзеліс тудырады. Мұндай күйзелістер олардың мінез – құлығындағы өзгерістерге, көңіл күйінің болмауына, одан әрі күйбеленушілікке, жүйке жүйесінің бұзылуына әкеліп соғады.
               Кез келген балаға алғаш рет балабақшаға бару – үлкен күйзеліс. Бұған дайын деген баланың өзі жаңа ортаға үйрену барысында дағдарысқа ұшырайды. Әрине қасында өзі үйренген жақындарының болмауы, әрқашан қолдайтын ата-анасының жанынан табылмауы, мүлдем бұрын көрмеген балалардың болуы, танымайтын ересектерді көруі және оларды тыңдау, өздеріне жат ыдыстан тамақтануы, үйренбеген төсекке жатуы – осының бәрі оған мүлдем жат.
 2-3 жастағы нәресте ойыншықпен ойнауға, басқа баламен тіл табысуға немесе түсінуге, қалағанын сұрауға, ойын жеткізуге, сезімін білдіруге қауқарсыз.
              Тәрбиешілер үшін де топқа жаңа балалардың келуі – үлкен сын. Осы кезде балалардың арасында дұрыс көзқарас, достыққа негізделген берік орта қалыптастыру керек. Одан кейінгі талаптар, оқу үрдісі, жеке басына қызмет көрсету тағы басқасы толықтырырылып отыратындықтан бала ортаға тез бейімделеді.
           Ата-анамен жұмыс баласын балабақшаға әкелместен бұрын басталуы қажет. Баласын тіркеу барысында ата-ана балабақшаға тәртібімен, баласына сол ортаға үйренуін қандай көмек көрсету керектігін хабардар болуы қажет.
 Кейбір балабақшаларда психолог, тәрбиеші ата-аналармен әңгіме жүргізеді, кейбір кезде медбике, дәрігер немесе сол топтың тәрбиешісі сол іспен айналысады.
            Ата-аналар мен тәрбиешілер бейімделу кезеңінің ұзақтығы мен әсерін, әр түрлі жағдайлармен алдын ала танысулары керек.
           Топ тәрбиешісі біріншіден, балабақшаға келе бастаған балалардың психикалық дамуымен және физикалық деңгейі жағынан өздерінің қабілеті бойынша, әр түрлі болатынын кездестіре бастайды. Кейбір балалар 2 жас шамасында келеді және өздігінен жүре алмайды, өздігінен тамақтана алмайды және ойнауды білмейді, балаларды жатырқайды, сонымен қатар анасын үнемі сағынады. Енді біреуі 3 жаста келеді және не нәрсеге болсын икемді, бірақ балалар ортасына қалыптаспаған, итеріп және ұрып жіберуі де мүмкін. Осыған байланысты белгілі бір қысқа мерзімде барлығын, не болып жатқанын және олардан не талап етілетінін ұғатын бір деңгейдегі топты жинақтау қажет.
 Егер балалар тәрбиешіні түсіне алатын болса – оларды үйде үйретпеген немесе олар жасап үйренбеген іс-әрекеттерге баулу жеңілдік туғызады. Әрине, біріншіден, басты маңыздылықты әрқайсысына жекелей назар аудару керектігін, кім неге қабілетті, кімде қандай қиындықтар барын есте сақтау қажет. Бір мезгілде тәрбиеші балалардың бір-біріне назар аударып, есімдерін есте сақтап қалуына, мүмкіндігінше аттарын атай алуына және тәрбиешіге де солай айтқызуына жеткізу қажет. Бұл үшін танысуға бағытталған, есімдерін жаттауға арналған, сол сияқты әр баламен амандасу және сәлемдесу рәсімдеріне арналған ойындар бар.
            Көптеген балабақшаларда ата-аналар бірінші аптасында толық емес күнде балаларын әкеледі, шамалы уақытқа (әдетте түске дейін) тек қалдыру мақсатында.
            Осындай қысқа кездесулерден кейін бала ата-анасыз қалуға, шамалы уақытқа, одан кейін уақыт созыла келе өз еркімен қалдыруға болады. Көрсеткендей, оныншы күннен бастап, бала қалыптасады.
 Жоғарыда айтылғандай, осындай қысқа кездесулер тек таңғы қыдырыста емес, кешке де болғаны дұрыс. Өйткені бала көбін танып, басқа топ балаларын қарап үлгереді және ең бастысы – барлығының ата-анасы оларды алып кететініне көз жеткізеді.
 Бала психологиялық тұрғыдан, ешкім балабақшада қалмайтынын, оларды ата-аналарының алып қайтатынын түсінуі керек.
 Кейбір балалар үйренбеген ортада тамақтанып, ұйықтай алмайды. Баланың топты ортада анасыз қалуы үшін санаулы күндер өтуі қажет. Мұндайда баланың өз ойыншығын алып жүруін қадағалаған жөн. Балаға төсек орнын алдын ала көрсетіп, басқалар да солай жататынын айту керек.

Ұсыныс : Кіші жастағы балалардың бейімделуіне жағдай жасау. 


5. Тыңдалды: Ағымдағы мәселелер

Сөйледі: Әдіскер Ж.Тымбаева  алда жасалатын жұмыстарға тоқталып өтті. Қазан айында ата-аналарға күз мезгіліне байланысты берілетін кеңестер ата-аналар бұрышына уақытылы ілініп, мәліметтер берілуін және қазан айында жоспарланған ата-аналарға арналған ашық есік күні уақытылы өтілуі. Балаларға жол ережесін үйрету, балалармен өтетін спорттық сайысына тыңғылықты дайындалуларын, балабақша мен мектеп сабақтастығы, әрбір өткізген шараларының есебін уақытылы тапсырып отыруларын айтты. Алда келе жатқан күзгі ертеңгілік сценарилерін алып, оларды талқылауға ұсынды. Сонымен қатар №2 педагогикалық кеңеске «Балаларды сауықтыру шынықтыру құралдарынның көрмесін» дайындауда көмек беруді ұйымдастырды. 





Әдістемелік кеңес төрайымы:                                      Ж.Тымбаева 


Хатшы:                                                                                







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив