Әдіскер кеңес береді
Балаларға қандай ойыншықтар керек? Ж.Тымбаева, әдіскер Ойнау арқылы балалар айналасын, қоршаған ортаны танып-біліп, есте сақтау қабілетін арттырады, ойындағысын толық жеткізуді үйренеді. Сондай-ақ, ойын олардың қиялына қанат бітіріп, алға жетелейді. Жан-жағындағыны енді ғана көріп-біліп жатқан баланың психикасына, ойлау қабілетіне ең алдымен әсер ететіні – қолындағы ойыншығы. Бүгінгі нарықта ойыншықтың түрі көп, кез келгенін табасыз. Ойыншықтардың төмендегідей түрлері бар: