КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Ф.Достоевский көшесі 14,
Пошталық мекен-жайы: ertostik_35@mail.ru
Телефон нөмірі: 87771468344
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімінің №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Бос лауазым атауы: педагог-психолог
Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 07.10.2025 ж-15.10.2025 ж
Еңбек ақы мөлшері: психолог 1,0 штаттық бірлік - 149008 тг (жүз қырықтоғыз мың сегіз теңге )
Негізгі функционалдық міндеттері:
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымының педагог-психологі мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік ортадағы жайлылығын 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VI «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы (03.05.2022 ж. өзгерістермен және толықтырулармен) «Педагогтер лауазымдарының тізбесі», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығы қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады. Баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. Психологиялық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды. Қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке дамытушы сабақтарда іске асырады. Ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын талаптары:
- «Педагогика және психология» мамандығы бойынша диплом, педагог – модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші біліктілік санаты.
- еңбек өтілі 5 жылдан жоғары
Құжат тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.