2025-2026 оқу жылының есебі
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№35 «Ер Төстік» бөбекжай -бақшасы» МКҚК»
2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МАҚСАТЫ: балалардың зияткерлік, рухани және кәсіби бағыттағы әлеуетін дамыта отырып, болашақта қоғамға адал қызмет ететін тұлға қалыптастыру.
БӨБЕКЖАЙДЫҢ БАСЫМДЫЛЫҚ БАҒЫТЫ:
- Балалардың адамгершілік қасиеттерін дамыту арқылы адал азаматтық сапаларды қалыптастыру;
- Әр баланың қызығушылығы мен бейімділігіне сай кәсіби бағдар негіздерін ойын, оқу, шығармашылық іс-әрекеттер арқылы дамыту;
- Педагогтердің кәсіби даму деңгейін жетілдіру мақсатында үздіксіз әдістемелік қолдау көрсету, жаңашыл тәжірибелерді енгізу, жасанды интеллект технологияларын қолдану;
- Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру арқылы тәрбие мен білімнің тиімді байланысын қамтамасыз ету.
- «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру.
- Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдау
- Мектеп жасына дейінгі балаларда құқықтық және қаржылық сауаттылықты қалыптастыру
ЖЫЛДЫҚ МІНДЕТТЕР:
• «Еңбегі адал жас өрен» жобасы – адал еңбек пен еңбекқорлық мәдениетін кеңінен насихаттау;
• Ата-аналарға арналған консультациялық пункттерді жетілдіру – «Тәрбие бесігі» жобасы аясында ата-аналарға әдістемелік қолдау көрсету;
• «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасын қолдану – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі педагогикалық мәдениетін арттыру;
• Құзыреттілік орталығының жұмысын жетілдіру – балабақшаның дамуын қолдау, үздік тәжірибелерді тарату.
2025-2026 оқу жылында №35 «Ер Төстік» бөбекжай - бақшасы МКҚК тәрбие-оқыту процесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ- 59 бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары.
Жұмыс оқу жоспары Қазақстан РеспубликасыОқу-ағарту министрінің2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына1-қосымша талаптарына сай құрылған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үлгілік оқу жоспары» ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы ҚР Оқу-ағарту министрінің 09.09.2022 № 394 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, 1-қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығымен.«Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы талаптарына сай жүзеге асырылады. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы ән айтуға, музыка тыңдауға, әндерді жаттатуға, импровизацияға, музыкамен ырғақты қозғалыстарға, шулы балалар аспаптарында ойнауға және музыкалық іс-әрекеттің басқа түрлеріне уақыт бөлінеді. Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.
2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Жас ерекшеліктері | Топ саны | Бала саны |
Ортаңғы топ | 3 | 75 |
Ересек топ | 4 | 100 |
Мектепалды топ | 3 | 75 |
Барлығы: | 10 | 250 |
ПЕДАГОГТАРДЫҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Барлық педагогтер | Білім деңгейі | Мектепке дейінгі білімі бар педагогтер | Біліктілік санаты | |||||
28 | Жоғары | Арнайы орта | Педагог | Педагог-модератор | Педагог-сарапшы | Педагог-зерттеуші | Педагог-мастер | |
25 | 3 | 17 | 1 | 12 | 10 | 5 | 0 | |
100% | 89% | 11% | 61% | 3% | 43% | 36% | 18% | 0 |
cапа 54 %
Тәрбие-білім процессін 1 жылдан 27 жылға дейінгі педагогикалық өтілі бар 28 педагог жүзеге асырады. Олардың ішінде штаттық кестеге сәйкес: 1 әдіскер, 1 педагог-психолог, 2 музыка жетекшісі, 2 дене тәрбие нұсқаушысы, 2 логопед, 20 тәрбиеші. Педагогтардың жасы 24-ден 57-ге дейін.
- МЖМБС барлық білім беру салалары бойынша жұмысты талдау. Педагогикалық диагностика нәтижелерін жалпылама талдау.
Балалармен ағымдағы жылға бекітілген оқу жоспарына, бес құзіреттілік бойынша тікелей білім беру қызметінің кестесіне сәйкес оқу қызметі жүйелі түрде өткізілді.
2025-2026 оқу жылындағы бөбекжай-бақша негізгі жалпы білім беру бағдарламасын балалардың меңгеру сапасының мониторингі келесі нәтижелерді көрсетті.
физикалық даму – 96%;
қарым-қатынас дағдылары – 96%;
танымдық және зияткерлік даму – 97%;
шығармашылық дағдылар – 97%;
әлеуметтік-эмоционалдық даму – 97%.
Жалпы қорытынды бойынша балалардың даму деңгейінің жоғары көрсеткіші 96%-ды құрады.
- 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАТЫСҚАН ІС-ШАРАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ
Педагогтардың білімдерінің жетілдірілуі, сертификаттар:
- Бейбитова С.Т. «Өрлеу» БАҰО 72 сағат
- Тымбаева Ж.А. «Өрлеу» БАҰО 72 сағат
- Нарымбаева С.С. «Өрлеу» БАҰО 72 сағат
- Есмурзаева А.А. «AGZAN» 80 сағат
- Тымбаева Ж.А. «DARYN USTAZ» 80 сағат
- Шералиева Г.А. «Өрлеу» 72 сағат
- Дүйсенова Т.Қ. «Өрлеу» 72 сағат
- Несипбаева Қ.А. «Өрлеу» 72 сағат
Тәрбиеленушілер жетістігі:
«Әсемпаз болма әрнеге» ІІІ орын Диплом, Астана 2025 жыл;
- ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ
«Менің елім-менің бақытты балалық шағым» ІІ орын Диплом, Астана 2025 жыл;
орталығы «Әсемпаз болма әрнеге» Ерланқызы Еркеназ І дәрежелі, 2025 жыл;
- Тараз қаласы білім бөлімі «Әсемпаз болма әрнеге» Ерланқызы Еркеназ
Бас жүлде, 2025 жыл;
- Тараз қаласы білім бөлімі «Менің елім-менің бақытты балалық шағым» Бас жүлде, 2025 жыл;
- Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік
орталығы «Baby Skilss - 2026» облыстық чемпионатының «Бейнелеу өнері» І дәрежелі Диплом;
- Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік
орталығы «Baby Skilss - 2026» облыстық чемпионатының «Робототехника» ІІ дәрежелі Диплом;
Тубаева Гүлнара Салиевна, марапттары
2025 жыл «Грамота» ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ;
2026 жыл М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті І дәрежелі Диплом;
2025 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы семинарда іс-тәжірибесімен бөлісті;
2026 жыл М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, ғылыми конференцияға қатысып, іс-тәжірибесімен бөлісті ;
№4(44), 2025 «Дана бала» Республикалық ғылыми-ақпараттық әдістемелік журнал мақала;
2025 жыл ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университеті «ХХІ ғасырдағы педагогика және психология ғылымдарының даму үрдістері мен перспективалары» еңбек жинағы
Тымбаева Жанна Амантаевна
2025 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы семинарда іс-тәжірибесімен бөлісті – 2;
2026 жыл Тараз қаласы білім бөлімі ұйымдастыруымен семинарда іс-тәжірибесімен бөлісті;
2026 жыл ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ – вебинарда озат тәжірибесімен бөлісті.
Басылымдарға жариялануы:
2025 жыл «Дана бала» Республикалық ғылыми-ақпараттық әдістемелік журнал мақала;
Сапаралиева Нұрғайша Кайратбековна. марапаттары
2025 жыл Тараз қаласы білім бөлімі Бас жүлде;
2025 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы – І дәрежелі Диплом;
2025 жыл ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ернте дамыту институты» РММ – ІІІ орын;
2025 жыл ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ернте дамыту институты» РММ «Алғыс хат»
2025 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы семинарда іс-тәжірибесімен бөлісті;
Мақала:
2025 жыл Халықаралық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық жырнал «Педагогикалық идеялар панарамасы» мақала;
2026 жыл Облыстық педагогикалық тәжірибені алмасу әдістемелік алаңы «Қиын дыбыстар әліппесі» авторлық бағдарламасы бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті.
Калдыбаева Гулзинат Миятовна, марапаттары
2025 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы семинарда іс-тәжірибесімен бөлісті;
Атишева Гульжан Аязбаевна, марапаттары
2026 жыл Тараз қаласы білім бөлімі І дәрежелі.
Сыйқымбаева Айнұр Ерболқызы, марапаттары
2025 жыл Тараз қаласы білім бөлімі Бас жүлде;
2025 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы ІІ дәрежелі Диплом.
Өтеғаліқызы Диана, марапаттары
2026 жыл Жамбыл облыстық білім басқармасы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі. Алғыс хат
2026 жыл ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ернте дамыту институты» РММ – вебинарда озат тәжірибесімен бөлісті;
2026 жыл Жамбыл облыстық білім басқармасы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, іс-тәжірибесімен бөлісті;
2026 жыл Тараз қаласы білім бөлімі, семинарда іс-тәжірибесімен бөлісті.
Есмурзаева Айнұр Аудановна, марапаттар
2025 жыл Тараз қаласы білім бөлімі Бас жүлде;
2025 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы – І дәрежелі Диплом.
Іс-тәжірибесімен бөлісті:
2026 жыл Облыстық педагогикалық тәжірибені алмасу әдістемелік алаңы «Танымдық әрекетті ұлттық құндылықтармен ұштастыру» әдістемелік құралы бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті.
Бейбитова Салтанат Токтасыновна, марапаттар
2026 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы «Baby Skilss-2026» облыстық чемпионатының «Бейнелеу өнері» І дәрежелі Диплом;
2025 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы семинарда іс-тәжірибесімен бөлісті;
2026 жыл М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, ғылыми конференцияға қатысып, іс-тәжірибесімен бөлісті .
2025 жыл ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университеті «ХХІ ғасырдағы педагогика және психология ғылымдарының даму үрдістері мен перспективалары» еңбек жинағы.
Атенова Гульмира Бекболатовна, марапаттар
2025 жыл Тараз қаласы білім бөлімі Бас жүлде;
2025 жыл Тараз қаласы білім бөлімі І дәрежелі;
2025 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы – ІІ дәрежелі Диплом.
2026 жыл Тараз қаласы білім бөлімі І дәрежелі;
2025 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы семинарда іс-тәжірибесімен бөлісті.
2025 жыл ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университеті, іс-тәжірибесімен бөлісті.
2026 жыл Облыстық педагогикалық тәжірибені алмасу әдістемелік алаңы «Өз әлемімді саламын» әдістемелік құралы бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті.
Басылымдарға жариялануы:
2025 жыл ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университеті «ХХІ ғасырдағы педагогика және психология ғылымдарының даму үрдістері мен перспективалары» еңбек жинағы.
Мамедова Назира Советовна, марапаттар
2025 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы семинарда іс-тәжірибесімен бөлісті.
Туленбаева Арайлым Махамбеталиевна, марапаттар
2025 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы семинарда іс-тәжірибесімен бөлісті.
Өтегенова Жазира Болатқызы, марапаттар
2025 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы семинарда іс-тәжірибесімен бөлісті.
Нұғмансая Дінмуслима Шахмаранқызы, марапаттары
2025 жыл Тараз қаласы білім бөлімі І дәрежелі;
Іс-тәжірибесімен бөлісті:
2026 жыл Тараз қаласы білім бөлімі, семинарда іс-тәжірибесімен бөлісті;
2026 жыл Жамбыл облыстық білім басқармасы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Шералиева Гаухар Абубакировна, марапаттары
2026 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы «Baby Skilss-2026» облыстық чемпионатының «Робототехника» ІІ дәрежелі Диплом;
2026 жыл Тараз қаласы білім бөлімі І дәрежелі.
Нарымбаева Сабира Советбековна, марапаттары
2025 жыл ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ Алғыс хат;
2025 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы І дәрежелі Диплом;
2025 жыл Тараз қаласы білім бөлімі Бас жүлде;
Іс-тәжірибесімен бөлісті:
2025 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы семинарда іс-тәжірибесімен бөлісті;
2026 жыл Облыстық педагогикалық тәжірибені алмасу әдістемелік алаңы «Цифрлық дәуірдегі ұлттық тәрбие» әдістемелік құралы бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті;
2026 жыл Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Мектепке дейінгі ұйымдардағы жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен қауіптері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысып іс-тәжірибесімен бөлісті.
3. АТА – АНАЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН ЖҰМЫСТЫ ТАЛДАУ.
Жыл бойы топта ата – аналармен қарым – қатынас бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді. Жоспар жасалды, оған сәйкес келесі іс – шаралар өткізілді. Қыркүйек айында «Ата-аналар, сіздер үшін» ақпараттық стендтері безендірілді. Балабақша мен үйдегі тамақтану ережелеріне қатысты «Балалардың тамағын ұйымдастыру», «Әжем, анам және мен» , «Әкем-асқар тауым» тақырыбында ата-аналармен бірлескен іс-шаралар өткізілді. Ашық есік күні, сәуір айында ата-аналармен бірлесіп балабақша ауласына жеміс ағаштары мен гүл көшеттері отырғызылды.
4.ЗАТТЫҚ –ДАМЫТУ ОРТАСЫН ЖАҢАРТУ БОЙЫНША ЖҰМЫС
Заттық–дамыту орталықтары барлық топта толықтырылды, жиһаздар жаңартылды (ойыншықтар, дамыту ойындар, құрал–жабдықтар, көмекші құралдар). Топта ПДО қайта құру бойынша нақты ұйымдастырылған жұмыс балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағымды әсер етті. Мамандықтар бойынша ойындарға костюмдер жаңартылып тігілді (өрт сөндіруші, полиция қызметкері, дәрігер, шаштараз, дүкенші, банк қызметкерлері, капитан, пилот, теңізші) «ЛЕГО РОБО» кабинеті ашылды онда лего ойыншықтар мен робот ойыншықтарымен жасақталды, «Кәсіпке баулу» кабинеті де жаңа ойыншықтармен толықтырылды, балаларға қолжетімді.
5. БАЛАЛАРДЫҢ АУРУ-СЫРҚАТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ ТАЛДАУ
Мектепке дейінгі мекеменің негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын сақтау, нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Осы бағытта балабақшада медициналық-психологиялық-педагогикалық сауықтыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.
Медициналық қызметті Байтореева Каламкас Ертарғынқызы мен Бимурза Акерке Төреханқызы атқарды. Балабақшада лицензияланған медициналық кабинет жұмыс істейді.
Балалардың денсаулығын бақылау, физикалық дамуын қадағалау және аурудың алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізілді. Балаларды қабылдау кезінде олардың денсаулық жағдайы, медициналық картасы және даму деңгейі зерттеліп, оқу-тәрбие жұмысында ескерілді.
Сауықтыру жұмыстарының негізгі бағыттары:
- балалардың денсаулығын бақылау;
- психофизикалық денсаулықты нығайту;
- эмоционалдық жайлылық қалыптастыру;
- салауатты өмір салтына тәрбиелеу;
- ата-аналармен бірлескен жұмыс жүргізу.
Әр топта дене шынықтыру бұрыштары жабдықталып, таңғы жаттығулар, қимылды ойындар, серуендер және сауықтыру шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар шынықтыру, дәрумендендіру, кварцтау және аурудың алдын алу шаралары жүргізілді.
Балалардың дұрыс тамақтануына және тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Балабақшада жағымды психологиялық орта қалыптастырылып, балалардың эмоционалдық дамуына жағдай жасалды.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде балалардың ауру-сырқаты азайып, денсаулық көрсеткіштері мен психоэмоционалдық жағдайы жақсарды.
Диагноздары бойынша балалардың саны:
Оқу жылы | Балалардың саны | Диагноз |
2025-2026 | 250 | ОРВИ – 44; фарингит – 12; ангина – 8; бронхит – 8; корь/желшешек – 2; анемия – 2; пневмония – 1; ларингит – 1; стоматит – 1; ЗРР – 1. |
ӨТКЕН ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ТАБЫСТАР МЕН ПРОБЛЕМАЛАР
Қол жеткізілген табыстар:
- тәрбиеленушілердің даму көрсеткіштері жоғары деңгейге жетті;
- педагогтердің кәсіби белсенділігі артты;
- облыстық, республикалық байқауларда жетістіктерге қол жеткізілді;
- робототехника және кәсіпке баулу бағыттары дамытылды;
- ата-аналармен ынтымақтастық нығайтылды;
- заттық-дамытушы орта жаңартылды;
- ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жұмыстары жүйелі жүргізілді.
Анықталған проблемалар:
- балалар арасында сөйлеу тілінің кеш дамуы;
- дыбыстарды дұрыс айтпау;
- сөздік қордың жеткіліксіздігі;
- гаджеттердің шамадан тыс қолданылуы;
- ата-аналардың бала тәрбиесіндегі бақылауының әлсіздігі;
- күн тәртібінің сақталмауы;
- балалардың кеш ұйықтауы және таңертең шаршаңқы келуі;
- ұсақ моторика жұмыстарының жеткіліксіздігі;
- ата-аналардың педагогикалық кеңестерге немқұрайлы қарауы.
Бұл мәселелердің негізгі себептері:
- тірі қарым-қатынастың азаюы;
- ұялы телефон мен мультфильмдердің шамадан тыс қолданылуы;
- кітап оқу мәдениетінің төмендігі;
- көптілді ортаның жүйесіз ұйымдастырылуы;
- ата-аналардың педагогикалық сауаттылығының жеткіліксіздігі.
2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕР
Өткен оқу жылындағы жетістіктер мен анықталған проблемаларды ескере отырып, келесі оқу жылына төмендегідей міндеттер белгіленді:
- Балалардың сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын күшейту, логопедиялық және түзету жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру.
- Балалардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын және дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын дамытуға бағытталған инновациялық әдістерді енгізу.
- Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру мақсатында түсіндіру, кеңес беру және практикалық жұмыстарды жандандыру.
- Балалардың гаджеттерді шамадан тыс қолдануының алдын алу бойынша ата-аналармен бірлескен жұмыстар жүргізу.
- Ұлттық құндылықтар мен «Адал азамат» бағдарламасы негізінде адамгершілік тәрбиесін күшейту.
- Балалардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру.
- Кәсіби бағдар беру жұмыстарын ойын, шығармашылық және зерттеу әрекеттері арқылы дамыту.
- Жасанды интеллект технологияларын білім беру процесіне тиімді енгізу арқылы педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру.
- Денсаулық сақтау технологияларын жетілдіру, балалардың денсаулығын нығайту және аурудың алдын алу жұмыстарын жалғастыру.
- Заттық-дамытушы ортаны заманауи талаптарға сай толықтыру және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету.
- Құзыреттілік орталығының жұмысын жетілдіру арқылы үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату.
ҚОРЫТЫНДЫ
2025–2026 оқу жылында №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы ұжымы алдына қойылған міндеттерді жүйелі орындап, тәрбие-білім беру процесін сапалы ұйымдастыруға қол жеткізді.
Жыл қорытындысы бойынша тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына, педагогтердің кәсіби өсуіне, ата-аналармен ынтымақтастықтың нығаюына және білім беру сапасының артуына бағытталған жұмыстардың нәтижелі болғаны анықталды.
Алдағы оқу жылында анықталған проблемаларды шешу бағытында жүйелі жұмыстар жалғастырылып, мектепке дейінгі ұйымның даму сапасын одан әрі арттыру көзделеді.