04
декабрь
2025
Мінезі қырсық баламен жеке жұмыс
МІНЕЗІ ҚЫРСЫҚ БАЛАМЕН ЖЕКЕ ЖҰМЫС
Псхолог, Исағалиқызы М.
Жеке әңгімелесу және сенім қалыптастыру
Мақсаты: балаға өзін тыңдайтын, түсінетін ересек бар екенін сездіру.
Әдістері:
Қырсық мінез көбіне эмоцияны басқара алмаудан шығады.
Жаттығулар:
Қырсық балалар жиі өздерін «жақсы емес» сезінеді.
Тәсілдер:
Қырсықтық көбіне «еркіндік сезінбеуден» туады.
Мысалы:
Бұл әсіресе бастауыш жаста жақсы жұмыс істейді.
Қырсық балаларда жиі ұйымдастыру, өзін-өзі бақылау қиын.
Жаттығулар:
Псхолог, Исағалиқызы М.
Жеке әңгімелесу және сенім қалыптастыру
Мақсаты: балаға өзін тыңдайтын, түсінетін ересек бар екенін сездіру.
Әдістері:
- Жылы, бейтарап үнмен сөйлесу.
- «Сенің ойыңды түсінгім келеді» деген сигнал беру.
- Тізеге тізе тіреп емес, қатар отырып әңгімелесу.
- Мәселені емес, баланың сезімін талдау (мысалы: «Сен ренжіп тұрған сияқтысың…»).
Қырсық мінез көбіне эмоцияны басқара алмаудан шығады.
Жаттығулар:
- «10 секунд тыныс алу» техникасы (мұрынмен терең дем алып, ауызбен шығару).
- «Бағдаршам әдісі»: қызыл — тоқта, сары — ойлан, жасыл — әрекет ет.
- Эмоция атауларын үйрету: ренжу, ашу, риза болмау, көңілсіздік.
Қырсық балалар жиі өздерін «жақсы емес» сезінеді.
Тәсілдер:
- Оңай тапсырмадан бастап, күрделіге көшу.
- «Сен бүгін нақты мынаны жақсы орындадың» деп нақты мақтау.
- Оның мықты жақтарын анықтап, сол арқылы сенімін арттыру.
Қырсықтық көбіне «еркіндік сезінбеуден» туады.
Мысалы:
- «Қазір тапсырманы орындаймыз. Алдымен қайсын істегің келеді — №1 ме, №2 ме?»
- «Түстерді өзің таңда»
Таңдау беру баланың бақылау сезімін күшейтеді, қырсықтық азаяды.
- Қысқа, нақты нұсқаулар беру.
- Бірден артынан бекіту: мақтау, жымию, «рахмет».
- Жағымсыз іс-әрекетке тым көп реакция бермеу, шамадан тыс жазаламау.
- «Ереже — нәтиже» жүйесін енгізу.
Мысалы: тапсырманы орындаса — 5 минут еркін әрекет уақыты.
Бұл әсіресе бастауыш жаста жақсы жұмыс істейді.
- Сурет салу арқылы эмоция шығару.
- Құм терапиясы.
- Саусақпен сурет салу.
- Ойын терапиясы: қуыршақтар арқылы қақтығыстарды бейнелеу.
- Айқайламау, қысым көрсетпеу.
- Ерекше назар: «Сен ашулы болсаң да, мен сені тыңдаймын».
- Баланың сөзін бөлмеу.
- Түсіндіру: «Мен саған көмектескім келеді, сондықтан екеуміз бірге шешім табайық».
Қырсық балаларда жиі ұйымдастыру, өзін-өзі бақылау қиын.
Жаттығулар:
- Пазлдар, «найди отличие», логикалық ойындар.
- «1 минут тыныштық» ойыны.
- Қысқа жоспар құру: «Алдымен… кейін… соңында…».