Хабарландыру
КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Ф.Достоевский көшесі №14 үй
Пошталық мекенжайы: ertostik_35@mail.ru
Телефон нөмірі: 8(7262)34-09-77; 87771468344
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімінің №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Бос лауазым атауы : тәрбиеші
Еңбек ақы мөлшері: 1.1 штаттық бірлік- 100000 (жүз мыңнан жоғары)
Негізгі функционалдық міндеттері:
Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талабына сай, Үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, іс-әрекеттерді жоспарлайды және жүзеге асырады. Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды.
Заттық – дамытушы ортаны құру, тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
-жоғары педагогикалық немесе арнайы орта кәсіптік «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша диплом;
- мектепке дейінгі мекемеде еңбек өтілі бар
Құжат тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
10) бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 28.03.-05.04.2023 ж.