05
ноябрь
2025
ЛОГОПЕДТЕН КЕҢЕС
Сіздің балаңызға логопед керек пе?
Бала тілінің дамуы – оның тұлға болып қалыптасуының басты көрсеткіші. Әрбір ата-ана өз баласының дұрыс, анық сөйлегенін қалайды. Алайда кейбір балалардың сөйлеу тілі баяу дамып, дыбыстарды бұрмалап айту, сөздік қордың аз болуы, сөйлемді дұрыс құра алмау сияқты қиындықтар байқалады. Мұндай жағдайда логопед маманның көмегіне жүгіну қажет.Баланың тіл дамуының жас кезеңдері
| Жас | Тіл дамуының негізгі белгілері |
| 1 жасқа дейін | Бала уілдеп, былдырлап дыбыс шығарады, таныс адамдарды таниды, қарапайым сөздерге (жоқ, апа, ата) реакция береді. |
| 1–2 жас | 10–20 қарапайым сөз айта бастайды, таныс заттарды атау арқылы тілдік қарым-қатынас дамиды. |
| 2–3 жас | Сөйлем құра бастайды, 200–300 сөзді меңгереді. |
| 3–4 жас | Барлық дыбыстарды анық айта алмаса да, негізгі сөйлем құрылымын түсінеді, сұраққа жауап бере алады. |
| 4–5 жас | Дыбыстарды дұрыс айту қалыптасады, сөйлемдер күрделене түседі. |
| 5–6 жас | Сөздік қоры бай, сөйлемді еркін құра алады, мектепке дайындық кезеңі басталады. |
Логопед көмегін қажет ететін белгілер:
- Бала 2 жастан кейін де сөз айтпайды немесе өте аз сөйлейді;
- Дыбыстарды бұрмалап, түсініксіз айтады;
- Сөйлемді толық құра алмайды, сөздерді орынсыз қолданады;
- Тұтықпа, мұрын арқылы сөйлеу сияқты ерекшеліктер байқалады;
- Сөздік қоры шектеулі, жаңа сөздерді қиындықпен меңгереді;
- Баланың есту, есте сақтау қабілеті жақсы, бірақ сөйлеуі баяу дамыса.
Логопедтің жұмысы неге маңызды?
Логопед тек дыбысты түзетуші емес, ол баланың:- сөйлеу мүшелерін жаттықтыруға,
- тілдік қоры мен байланыстырып сөйлеуін дамытуға,
- оқу мен жазуға дайындауға көмектеседі.
Ата-аналарға кеңес
- Баламен үнемі сөйлесіңіз, бірге өлең, тақпақ жаттаңыз.
- Сурет көрсетіп, әңгімелетіңіз – бұл байланыстырып сөйлеуді дамытады.
- Балаңыздың сөзін бөлмеңіз, асықтырмаңыз.
- Телефон, планшет уақытының орнына тірі қарым-қатынасқа көбірек уақыт бөліңіз.
- Егер сөйлеуде қиындық байқалса, логопедке ерте жүгініңіз – уақытында түзету тиімді нәтиже береді.
Әр бала – жеке тұлға, оның тілінің даму қарқыны да әртүрлі.
Дегенмен, егер ата-ана баласының сөйлеуінде кідіріс байқаса, «өзі сөйлеп кетеді» деп күтпей, маманның кеңесіне жүгінген жөн. Ерте басталған логопедиялық жұмыс – сәтті болашақтың кепілі