Әдістемелік кеңес отырысы Хаттама №2 Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» Өткізу формасы: іскерлік ойын Өткізілген күні: 14.02.2025 жыл » №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әдістемелік кеңес отырысы Хаттама №2 Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» Өткізу формасы: іскерлік ойын Өткізілген күні: 14.02.2025 жыл
14
февраль
2025

Әдістемелік кеңес отырысы Хаттама №2 Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» Өткізу формасы: іскерлік ойын Өткізілген күні: 14.02.2025 жыл

№2 ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС   

Ақпан

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру»

Өткізу формасы: іскерлік ойын

Өткізілген күні: 14.02.2025 жыл 

1.

№1 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.

Әдіскер Ж.Тымбаева 

2.

Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру

Өтегенова Жазира 

тәрбиеші 

3.

«Педагогтардың шығармашылық тақырыптары бойынша жұмыстарды зерделеу» талдау

Әдіскер Ж.Тымбаева


4.

Жеке даму жұмысын жүргізудің қорытындысы

Әдіскер Ж.Тымбаева

Шығармашылық топ 

5.

Шебер сынып : “Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық тәрбиесін қалыптастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер”  

Тілеубекқызы Айзада                 тәрбиеші

6

«Коммуникативті дағдыларды дамыту бойынша атқарылған жұмыстар» талдау

                    Әдіскер

7.

«Аралық мониторинг жүргізудің қорытындысы» талдау

Әдіскер 

8.

Ағымдағы мәселелер.



Әдіскер 



1.Тыңдалды:  №1 әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалуы.

Сөйледі: Әдіскер Ж.Тымбаева . Тәрбие жұмысын жоспарлау педагог қызметінің жалпы жүйесіндегі маңызды буын болып саналады. Ойластырып жоспарлау оны дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Жұмыс перспективалармен белгілейді, тәрбие жұмысынын белгілі бір жүйесін жүзеге асыруға кемектеседі.Форма үшін ғана емес, жақсы жасалған жоспар педагогтың күнбе-күнгі тәрбие жұмысына көмектеседі. Педагог жоспар жасағанда балалармен тәрбие жұмысының негізгі міндеттерін мазмұнын, формалары мен әдістерін іріктеп алу үшін болып табылатын документтерді пайдаланады. Соңғы шыққан қаулы, бұйрықтар, оқу бағдарламасы, тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің үлгі мазмұны, “нысанына ” жатады. 

Ал бөбекжай бақшаның негізгі жұмыстары ол күн тәртібі және циклограммаға негізделеді. Тәрбиешілерге күн тәртібі бойынша жұмыс жасау керек екендігін қадап айтты.  

Шешім: Күн тәртібі қатаң сақталсын.

2. Баяндама:Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру 

Сөйледі: Өтегенова Жазира Болатқызы,  қазіргі заманда мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы, оның ішінде әлеуметтік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру – тәрбие мен оқытудың маңызды бағыттарының бірі. Әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттілік дегеніміз – баланың қоршаған ортамен өзара әрекеттесу және қарым-қатынас дағдыларын меңгеруі, өз ойын еркін жеткізіп, құрдастарымен және ересектермен дұрыс байланыс орната білуі. 

3. Талдау: «Педагогтардың шығармашылық тақырыптары бойынша жұмыстарды зерделеу»

Сөйледі: әдіскер Ж.Тымбаева 

Әдістемелік кеңес төрағасының хатшысы Несипбаева Қарлығаш,  алты  жұмыс түсткендігін хабарлады. Әдістемелік кеңеске педагогтердің өз жұмысында қолданып жүрген алты әдістемелік құрал ұсынылған және кеңес отырысында кеңес мүшелерінің дайындаған ұсыныстары мен қорытындылары бойынша жұмыстарға талдау жасады.


  1. . Тәрбиеші  Өтегенова Жазира Болатқызы  «Cюжеттік-рөлдік ойындар» әдістемелік құрал
  2.  Тәрбиеші Тілеубекқызы Айзада  «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қимылды ойындар жинағы» әдістемелік көмекші құрал
  3. Тәрбиеші Мамедова Назира Советовна «2-3 жасар балаларға арналған тақпақтар жинағы» әдістемелік көмекші құрал
  4. Тәрбиеші Туленбаева Арайлым Махамбеталиевна  «Ойлан балақай» логокалық ойындар жинағы әдістемелік көмекші құрал
  5. Дене тәрбие нұсқаушысы  «Қимыл қозғалыс ойындар» авторлық бағдарлама
  6.  Әдіскер Тымбаева Жанна Амантаевна және Бейбитова Салтанат Токтасыновна  «Үй жануарлары» пазыл құрастыру ойыншығы мен нұсқаулық 
  7. Тымбаева Жанна Амантаевна мен тәрбиеші Бейбитова Салтанат

Токтасыновнаның “Балабақшада балалардың эмоционалдық интеллектін дамыту» авторлық бағдарламасын бекіту туралы. 

Шешімі: 

Қалалық оқу-әдістемелік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысына қарауға ұсынылсын.

  1. Тәрбиеші Мамедова Назира Советовна «2-3 жасар балаларға арналған тақпақтар жинағы» әдістемелік көмекші құрал
  2. Тәрбиеші Туленбаева Арайлым Махамбеталиевна  «Ойлан балақай» логикалық ойындар жинағы әдістемелік құрал
  3. Дене тәрбие нұсқаушысы  «Қимыл қозғалыс ойындар» авторлық бағдарлама
  4.  Әдіскер Тымбаева Жанна Амантаевна  «Үй жануарлары» пазыл құрастыру ойыншығы мен нұсқаулық 
  5. Тымбаева Жанна Амантаевна мен тәрбиеші Бейбитова Салтанат

Токтасыновнаның “Балабақшада балалардың эмоционалдық интеллектін дамыту» авторлық бағдарламасы бекітіліп және баспаға ұсынылсын.

Бөбекжай-бақша педагогтеріне  балаларды дамытуда көмекші құрал ретінде пайдалануға ұсынылды:

  1. Тәрбиеші   Өтегенова Жазира Болатқызы   «Cюжеттік-рөлдік ойындар» әдістемелік құралын;
  2. Тәрбиеші Тілеубекқызы Айзада  «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қимылды ойындар жинағы» әдістемелік көмекші құралын

Ұсыныс: Шығармашылық тақырыптарын ары қарай толықтырсынПедагог-сарапшылар мен педагог-модераторлар , қазіргі кездегі мектепке дейінгі тәрбиені дамытуға қосар үлесі ретінде, бала тәрбиесіне көмегі бар шығармашылық тақырып алып, онымен жұмыс жасасын.

4.Тақырыпты бақылау: Жеке даму жұмысын жүргізудің қорытындысы

Сөйледі: Әдіскер Ж.Тымбаева . Оқу жылының басында бір рет баланың оқу жылына арналған жеке даму картасын әзірленеді және диагностиканың (бастапқы, аралық, қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша жеке даму картасына өзгерістер енгізіледі.

Топтың мониторингінен алынған деректер негізінде оқу жылына Баланың

жеке даму картасы толтырылады. Баланың жеке дамыту картасын толтыру

кезінде педагог кестеге дамытушы немесе түзету шараларын, қажет болған

жағдайда бақылау нәтижелері бойынша іс-шаралардың екі түрін енгізеді.

Бастапқы бақылау нәтижесіндегі шаралар (дамытушы, түзету) қазан-

желтоқсан, аралық бақылау нәтижесіндегі шаралар ақпан-сәуір, қорытынды

бақылау нәтижесіндегі шаралар маусым-шілде айларында жүргізіледі.

Қорытындыға Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу

бағдарламасында белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкес баланың даму

деңгейі жазылады.

Жеке картаны жас тобында жұмыс істейтін басқа педагогтермен (қазақ

тілінің мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка

жетекшісімен) бірлесіп топ тәрбиешісі және мектепалды сыныптың тәрбиешісі дербес толтырады. Желтоқсан айына дейін балалардың жеке даму картасы әр топта , әр балаға толтырылған. Жеке даму картасы бойынша түзетуміс-шарасы күннің екінші жатысында жүргізіледі. Топтағы үш – төрт баланы түзету мақсатында ойындар жүргізіледі. Метепалды тобында көбіне щдыбыстық талдау жеке жүргізіледі, мысалы  «Сөзде қанша дыбыс бар?», «Дауысты, дауыссыз дыбысты тап», «Буынға бөл» т.с.с ойындар циклограммада жекеленген балаларға жоспарланған, жүргізілген. Ересек топтарда қазақ қазақ тіліне тән ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуды,   туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді, өзінің отбасы, отбасылық мерекелер, отбасындағы қызықты оқиғалар, салт-дәстүрлер туралы айтуды үйрету мақсатында «Менің отбасым», «Менің туған күнім», «Ауылда», «Қазақ үй» ойындарын ұйымдастырып жоспарлаған, ойындар өткізген, жеке жұмысқа арналған ойынның құралдары бар. Кіші топтарда сенсорикаға көп мән берілген , «Түсін тап», «Өз үйінді тап», «Түсіне қарай жүгір», «Алдында, артында» ойындары, түзету іс-шаралары циклограммада екі-үш балаға жеке жоспарланған, өткізілетін ойындардың көрнекіліктері мен ойыншықтар жеткіліксіз.  

Шешім: Жеке даму карталары бойынша түзету іс-шаралары дер кезінде жүргізілсін

5. Шебер сынып : “Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық тәрбиесін қалыптастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер”  

Сөйледі: тәрбиеші Тілеубекқызы Айзада, мектепке дейінгі ұйым педагогтарына ұлттық тәрбие беру әдістері бойынша тәжірибе алмасу, балалардың ұлттық сана-сезімін, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдерді меңгерту мақсатында, шебер сынып өткізілді. Теориялық бөлімде ойындар түрімен таныстырылды, практикалық бөлімде қызықты ойындар ойнатылды. Нәтижесінде, қатысушылар мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық тәрбиесін қалыптастыруда қолданылатын тиімді әдістерді меңгеріп, оны өз тәжірибесінде пайдалануға дайын болады. 

6.Тақырыпты бақылау:  Коммуникативті дағдыларды дамыту бойынша атқарылған жұмыстар  

Сөйледі: әдіскер Ж.Тымбаева  тәрбие білім беру процесін  ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен қабілет, темперамент, мінез сияқты жеке қасиеттерін жақсы білу керек

       Коммуникативті дағдыларды дамыту бойынша балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін дамытуды; тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді; белсенді сөздікті байытуды, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, балалар әдебиетімен таныстықты дамытуды, мәнерлеп оқуды және мазмұндауды; мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерді дамытуды қамтиды.

Коммуникативті дағдыларды дамыту мазмұны ересектермен және балалармен еркін араласу дағдыларын дамытуға; зейінділікке, сөйлеуге, балалар әдебиетіне қызықтыруға бағытталған.


7. Тыңдалды: «Аралық мониторинг жүргізудің қорытындысы»талдау

Сөйледі: Әдіскер Ж.Тымбаева  Мектепке дейінгі білім беруде сапалы қызметті қамтамасыз етуде мектепке дейінгі жастағы балалардың біліктері мен дағдыларын дамытудың маңызы зор. Индикаторлар – білім беру салалары бойынша баланың жасына сәйкес күтілетін нәтижелерге жету көрсеткіштері. Күтілетін нәтижелер баланың әр жас топтарына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған. Арақық мониторинг қорытындысы бойынша №35 «Ер Төстік»  бөбекжай-бақшасында ортақ көрсеткіш 82% құрайды

Шешім: Топтарда баланы тәрбиелеу мен дамытуға көп көңіл бөлінсін. Логопед, психолог, дене тәрбие нұсқаушылырымен бірлескен жұмыстар жүргізілсін.


8. Тыңдалды: Көктем аналарға арналған ертеңгіліктер сценарилерін талқылау және бекіту.       №4 педагогикалық кеңесті әзірлеу «Бөбекжай-бақшадағы қысқа жобалардың іске асуы» Сөз сөйлеуге дайындалуға көмек беру

Сөйледі: Әдіскер Ж.Тымбаева  алда жасалатын жұмыстарға тоқталып өтті. Наурыз айында ата-аналарға көктем мезгіліне байланысты берілетін кеңестер ата-аналар бұрышына уақытылы ілініп, мәліметтер берілуін және наурыз айында ұйымдастырылған іс-әрекеттер уақытылы өтілуін, балаларға жол ережесін үйрету, балалармен өтетін спорттық сайысына тыңғылықты дайындалуларын, балабақша мен мектеп сабақтастығы, әрбір өткізген шараларының есебін уақытылы тапсырып отыруларын айтты. Алда келе жатқан көктемгі аналарге арналған ертеңгілік сценарилерін алып, оларды талқылауға ұсынды. 



Әдістемелік кеңес төрайымы:                                          Ж.Тымбаева 


Хатшы:                                                                          Қ.Несипбаева 




МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Өтегенова Жазира 

№35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы 

тәрбиеші

Қазіргі заманда мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы, оның ішінде әлеуметтік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру – тәрбие мен оқытудың маңызды бағыттарының бірі. Әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттілік дегеніміз – баланың қоршаған ортамен өзара әрекеттесу және қарым-қатынас дағдыларын меңгеруі, өз ойын еркін жеткізіп, құрдастарымен және ересектермен дұрыс байланыс орната білуі.


Бұл құзыреттілік баланың мектепке дайындығының және кейінгі өмірдегі табысының негізі болып табылады. Баланы кішкентайынан сыпайылыққа, құрметке, өз ойын ашық айтуға және эмоцияларын дұрыс басқаруға баулу – педагогтың басты міндеті.

Әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттіліктің ерекшеліктері

Мектепке дейінгі жаста балалар қарым-қатынас арқылы қоршаған әлемді таниды. Бұл кезеңде олардың келесі дағдыларын дамыту өте маңызды:

          1.       Қарым-қатынас жасау қабілеті:

Балалардың өз ойын дұрыс жеткізе алуы, тыңдай білуі және диалогқа қатысуы.

          2.       Эмоцияларды тану және реттеу:

Өз сезімдерін білдіру және басқалардың эмоцияларын түсіну.

          3.       Топтық әрекет дағдылары:

Басқалармен бірлесе жұмыс істеп, өзара көмек көрсету.

          4.       Әлеуметтік рөлдерді меңгеру:

Достық, серіктестік, ересектермен қарым-қатынасты түсіну.

Құзыреттілікті қалыптастыру әдістері

          1.       Рөлдік ойындар:

Балалар рөлдік ойындар арқылы қоршаған ортаны зерттеп, өзара әрекеттесу дағдыларын дамытады. Мысалы, “Дәрігер”, “Дүкен”, “Қонақ күту” ойындары балаларды әртүрлі әлеуметтік рөлдерге енгізіп, қарым-қатынастарын тереңдетеді.

          2.       Топтық және жұптық жұмыс:

Бірлескен тапсырмалар арқылы балалардың өзара әрекеттесу қабілеті қалыптасады. Мысалы, бірлескен сурет салу немесе құрылыс құрастыру.

          3.       Қарым-қатынас ойындары:

          •        “Сиқырлы сөздер”: Балалар бір-біріне сыпайы сөздерді айтып, дұрыс қарым-қатынас орнатуға үйренеді.

          •        “Кім қалай сезінеді?”: Балалар эмоцияларды сурет бойынша таниды және талдайды.

          4.       Халық шығармашылығын қолдану:

Халық ертегілері, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы балаларға өмірлік құндылықтарды түсіндіруге болады.

          5.       Эмоцияларды дамыту жаттығулары:

Балаларға қуаныш, реніш, таңдану сияқты эмоцияларды бет-әлпет арқылы көрсетуге үйрету, эмоциялық жағдайларды талқылау.


Педагогтың рөлі


Педагог баланың әлеуметтік және коммуникативтік қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады. Оның міндеті:

          •        Балаларға қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыру.

          •        Әр баланың жеке қабілетін ескеру.

          •        Баланың өзіне деген сенімділігін арттыру.

Қорытынды

Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттілігін дамыту – олардың болашақ өміріндегі табысты қарым-қатынас пен қоғамда бейімделуінің негізі. Бұл құзыреттілікті қалыптастыру жүйелі түрде және арнайы әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып жүзеге асырылуы қажет.

Педагогтардың шығармашылығы мен ынтасы балалардың ашық, достық қарым-қатынаста өсуіне, өмірлік дағдыларды меңгеруіне ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыс мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының маңызды бөлігі болып табылады.

















ШЕБЕР СЫНЫП : МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР


Тілеубекқызы Айзада

 №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы

тәрбиеші

Мақсаты:

Мектепке дейінгі ұйым педагогтарына ұлттық тәрбие беру әдістері бойынша тәжірибе алмасу, балалардың ұлттық сана-сезімін, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдерді меңгерту.

Шебер сынып жоспары:

1. Ұйымдастыру бөлімі (5 минут)

          •        Қатысушылармен танысу.

          •        Шебер сыныптың мақсатымен таныстыру.

2. Теориялық бөлім (10 минут)

          •        Ұлттық тәрбиенің маңызы мен ерекшеліктері.

          •        Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін тәрбие үрдісіне енгізудің артықшылықтары.

          •        Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу кезіндегі ұлттық тәрбие әдістері:

          •        Ертегі терапиясы.

          •        Ұлттық ойындар.

          •        Әндер мен билер.

          •        Қолөнер түрлері (киіз басу, ою-өрнек, тоқу).


3. Практикалық бөлім (25 минут)

І. “Ертегі әлемі” әдісі:

          •        Балаларға қазақтың танымал ертегісін оқып, ертегі кейіпкерлерін ұлттық құндылықтар тұрғысынан талқылау.

          •        Қатысушыларға ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін сахналау тапсырмасы беріледі.

ІІ. Ұлттық ойындар:

          •        “Қыз қуу”, “Арқан тартыс”, “Асық ату” сияқты ұлттық ойындарды тәрбие жұмысына енгізу бойынша тәжірибе алмасу.

          •        Әр ойынның тәрбиелік мәнін талдау.

ІІІ. Қолөнер шеберханасы:

          •        Қатысушыларға ұлттық ою-өрнек жасау немесе киізден кішкентай бұйымдар жасау әдісі көрсетіледі.

          •        Педагогтарға балалармен бірге қолөнерді қалай үйретуге болатыны жөнінде ұсыныстар беріледі.

4. Қорытынды (10 минут)

          •        Қатысушылар өз ойларымен бөліседі.

          •        Шебер сыныпты талқылау, сұрақ-жауап сессиясы.

          •        Қатысушыларға әдістемелік ұсыныстар жинағын ұсыну.

Қажетті материалдар:

          •        Қазақ ертегілері жазылған кітаптар.

          •        Ұлттық ойындарға қажетті құрал-жабдықтар (арқан, асық, т.б.).

          •        Қолөнерге арналған материалдар (киіз, жіптер, қайшы, желім, т.б.).

          •        Презентацияға арналған мультимедиа құралдары.


Нәтиже:

Қатысушылар мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық тәрбиесін қалыптастыруда қолданылатын тиімді әдістерді меңгеріп, оны өз тәжірибесінде пайдалануға
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив