Хабарландыру » №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2024

Хабарландыру

Орналасқан жері: Тараз қаласы, Ф.Достоевский көшесі №14 үй
Пошталық мекенжайыertostik_35@mail.ru
Телефон нөмірі: 8(7262)34-09-77; 87771468344
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімінің №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.    Бос лауазым атауы : музыка жетекшісі
Еңбекке ақы мөлшері:  1,5 штаттық бірлік-  10000 (жүз  мыңнан   жоғары)
Негізгі функционалдық міндеттері: 
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті 
   стандартына    сәйкес музыкаға  тәрбиелеу мен эстетикалық дамуды жүзеге 
   асырады.
2.Музыкалық аспаптарда ойнаудың техникасын шебер меңгерген.
3.Музыка бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет, балалар мерекелерін  және мәдени- бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді; балалармен жеке   жұмыстар жүргізеді,  дарынды   балаларды   таңдайды.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша музыка мамандығына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымда кемінде 1 жыл еңбек өтілі бар.
Құжат тізбесі:
       1) 15-қосымшаға сәйкес Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар  (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
      10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
      11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру)
Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 28.02.-07.03.2024 ж

Похожие публикации:

30 октябрь 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
13 октябрь 2023 Хабарландыру
25 сентябрь 2023 Хабарландыру
12 апрель 2023 хабарландыру
25 январь 2023 Хабарландыру
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив