Конкурс » №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
сентябрь
2023

Конкурс

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!

Орналасқан жері: Тараз қаласы, Ф.Достоевский көшесі №14 үй

Пошталық мекенжайыertostik_35@mail.ru

Телефон нөмірі: 8(7262)34-09-77; 87771468344

Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімінің №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Бос лауазым атауы : тәрбиеші 

Еңбек ақы мөлшері: 1.1 штаттық бірлік-  100000 (жүз мыңнан  жоғары)

Негізгі функционалдық міндеттері:

Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талабына сай, Үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, іс-әрекеттерді  жоспарлайды және жүзеге асырады. Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. 

Заттық – дамытушы ортаны құру, тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру.    
       
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары

-жоғары педагогикалық немесе арнайы орта кәсіптік  «Мектепке дейінгі тәрбие мен  оқыту» мамандығы бойынша диплом;

- мектепке дейінгі мекемеде еңбек өтілі бар 

Құжат тізбесі:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат;

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)  «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;

10) бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 25.09.-04.10.2023 ж.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив