Әдіскер кеңес береді » №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
март
2024

Әдіскер кеңес береді

Балаларға қандай ойыншықтар керек?
Ж.Тымбаева, әдіскер 
          Ойнау арқылы балалар айналасын, қоршаған ортаны танып-біліп, есте сақтау қабілетін арттырады, ойындағысын толық жеткізуді үйренеді. Сондай-ақ, ойын олардың қиялына қанат бітіріп, алға жетелейді. Жан-жағындағыны енді ғана көріп-біліп жатқан баланың психикасына, ойлау қабілетіне ең алдымен әсер ететіні – қолындағы ойыншығы. Бүгінгі нарықта ойыншықтың түрі көп, кез келгенін табасыз.
Ойыншықтардың төмендегідей түрлері бар:
1.     Дайын ойыншықтар (қуыршақ, автокөліктер, жан-жануарлар, т.б.)
2.     Жартылай дайын, яғни бөлек бөлшектерден тұратын ойыншықтар (құрастырмақтар)
3.     Ойыншық-материал (құм, ермексаз, таяқшалар, т.б.)
          Дайын ойыншықтар балалардың ой-өрісін кеңейтеді. Мысалы, тракторлар мен жүк көліктері жүк тасиды, ал қуыршақтарға тамақ беріп, ұйықтату керек. Ит үріп, үй күзетеді, мысық мияулап, сүт ішеді. Осыларды бір-бірінен айыра білудің өзі – балалар үшін жақсы жетістік.
          Жартылай дайын ойыншықтар балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырып, әр нәрсеге мұқият болуға, ұқыптылыққа, ептілікке, алдына мақсат қоя білуге тәрбиелейді. Сан түрлі ұсақ бөлшектерді біріктіріп, қалауындағыдай затты құрастырып шығу, әрине, үлкен іс тындырғанмен бірдей.
Құмда ойнайтын ойыншықтар кішкентай шелек, күрек, тырма, сүзгі сияқты түрлі саймандар мен құм таситын көліктер. Күн жылыда балаңыз бұл ойыншықтармен есік алдындағы құмда ойнаса, қыстыңкүні қар күреп, сізге «қолғабыс» жасамақ. Бұл да – еркеңізді еңбекке баулитын ойыншықтың бірі.
Ойыншықтың пайдасы өте көп, бала ойыншықпен ойнау арқылы өмірді таниды. Ойыншық сатып алған кезде ата-аналарға төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу қажет, себебі баланың қауіпсіздігі бәрінен жоғары.
Ал зиянына келер болсақ, қытайдан әкелінген ойыншықтар жайлы айтар едік. Қытай ойыншықтарының екі түрі бар. Біріншісі — зауытта жасалып, елімізге ресми түрде әкелініп, тексеруден өтіп, сапасы жөнінде сертификаты бар тауар. Ал заңсыз әкелінген ойыншықтардың сапасы жайлы сертификаты болмағандықтан, оларды сатып алуға сақтану қажет.
          Балалар тауарларының алуан түрлілігі әлемде әрбір ойыншықтың балаға сай келмейтіндігін, ал кейбіреулері оған қауіпті болуы мүмкін екендігін ұмытпаған жөн. Егер сіз жұмсақ ойыншықты таңдасаңыз, отқа төзімділігі немесе ол дайындалған материал құрамында жануды баяулатқыштардың бар болуына назар аударыңыз. Сатып алынған ойыншықты тазалықта оңай ұсталатын және оны жууға болатын материалдан жасалғанын алған жөн. Тым қатты естілетін музыкалық ойыншықтарды сатып алудан аулақ болыңыз, өйткені балалар оларды құлағына жақындатады, ал қатты дыбыстардың балалардың есту қабілетін зақымдауы мүмкін. Балалар ойыншықтарды еденге лақтырып, олардан әртүрлі бөліктерді сындыруды жақсы көреді, сондықтан ойыншықтарды осындай жүктемелерге төтеп бере алатындай етіп, ойыншықтардың берік түрлерінен таңдаған дұрыс. Егер сіз балаға пластиктен ойыншық сатып алғыңыз келсе, ол тым қатты болмауы керек. Балалар үшін икемді пластиктен жасалған ойыншықтар  әлдеқайда қауіпсіз, тіпті сынса да,  соншалықты өткір жиектері болмайды.
Құрастырмақ ойыншықтардың тым ұсақтары қажет емес: біріншіден, балаңыз оны аузына салып, жұтып қоюы мүмкін; екіншіден өте кішкентай бөлшектерді құрастыруға баланың қабілеті жете қоймайды, әрі олар тез жалықтырып жібереді. Сондықтан құрстырмақтардың құлақ, мұрын қуысына сыймайтындай үлкенірек және баланы қызықтыратын түрлі-түсті болғаны абзал.
Түрлі-түсті доптар балаңыздың қауіпсіздігі үшін доптардың өте ұсақтарын алмағаныңыз жөн. Бояуы тым қанық, алыстан көге түсіп тұрған ойыншықтар өзі арзан, өзі сапасыз тауар. Себебі бояудың құрамында фенол, формальдегид, қорғасын, мырыш сияқты химиялық  элементтері бар. Бұл заттар адамның жүйке жүйесіне, көз бен тыныс алу мүшелеріне, әрі кетсе асқазан-ішек жолдарына кері әсер етеді. Бала кез келген нәрсені алдымен аузына салады, сондықтан ойыншық сатып аларда сапасы жаксы ойыншықтар таңдаңыз.
Стандарт  талаптарына сай келмейтін сапа сертификаты жоқ ойыншықтарды сатып алмаңыз. Сіз олардың қазіргі заманғы қауіпсіздік талаптарына жауап беретініне сенімді бола алмайсыз. Балаға ойыншық сатып аларда аса ұқыптылықпен қарағаныңыз абзал.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив