Әдістемелік алаң » №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы

Похожие публикации:

07 май 2023 Сауалнама
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
admin
21 апреля 2025 15:40
ОБЛЫСТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ 
ӘДІСТЕМЕЛІК АЛАҢЫ
Тақырыбы:  
«Оқытудағы инновациялық технологиялар мен әдістер – педагогтің практикалық іс-тәжірибесі».  
Қатысушылар:  
Жамбыл облысы білім беру ұйымдарының педагогтері
Өтетін мерзімі: 2025 жыл 21 сәуір
Өтетін орны: ZOOM, бейнебайланыс режимінде
Мақсаттары:
1.Педагогтер арасында озық білім беру тәжірибелері мен оқыту әдістерін алмасуға арналған тиімді алаң құру. Білім беру процесіне білім сапасын арттыру, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін көтеруге бағытталған   инновациялық тәсілдерді енгізу.
2.Мектепаралық және аймақаралық ынтымақтастықты нығайту: білім беру ұйымдары арасында желілік өзара әрекеттестікті қалыптастыру үшін жағдай жасау; аймақтар арасында педагогикалық міндеттерді бірлесіп шешу үшін ынтымақтастықты кеңейту.
Міндеттері:  
1.Педагогикалық тәжірибе мен озық тәжірибелермен алмасу: әртүрлі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында диалог пен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру; оқытуда инновациялық әдістер мен технологияларды қолданудың сәтті мысалдарын ұсыну.  
2.Педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту: мұғалімдерге педагогика, психология және оқыту технологиялары саласындағы жаңа білімдер мен дағдыларды ұсыну; педагогикалық құрамның біліктілігін және кәсіби даярлығын арттыру.  
3.Педагогтарда шығармашылық пен инновациялық ойлауды ынталандыру: мұғалімдерге шығармашылық көзқарас пен инновациялық ойлауды көрсету үшін жағдай жасау; жаңа идеяларды өз жұмысында қолдануға дайын, тәжірибе жасауға ынталы педагогтерді қолдау.
Күтілетін нәтижелер:  
1.Педагогтердің кәсіби тәжірибесін байыту.  
2.Тиімді тәжірибелерді енгізу арқылы білім сапасын арттыруға ықпал ету.  
3.Ортақ мақсат, білім беру процесін жақсарту бойынша жұмыс істейтін педагогикалық қауымдастықтар желісін дамыту.
Облыстық педагогикалық тәжірибе алмасу әдістемелік алаңының қорытындысы бойынша әр қатысушыға:
  • Тәжірибе алмасу алаңы баяндамаларының жинағының электронды нұсқасы;
  • Сертификат беріледі